Қазақстанда түрмеде жазасын өтеп жатқандар 65 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады
Қазақстанда түрмеде жазасын өтеп жатқандар 65 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады
Қазақстанда түрмеде жазасын өтеп жатқан адамдарға 65 313 теңге көлемінде жәрдемақы берілмек. Мұндай мүмкіндік кеше Сенат қабылдаған әлеуметтік кодексте қарастырылды, деп хабарлайды taulik.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ал Мемлекет төлейтін бұл жәрдемақыны түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан кез келген сотталушы ала алады. Алайда әлеуметтік кодекске сәйкес жәрдемақы алу үшін үшін олар абақтыда отырған бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасау керек.
Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаеваның сөзінше, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасалуы тиіс. Қазірдің өзінде 54 бірінші топтағы мүгедек сотталушы түрмеде жазасын өтеп жатыр екен.
«Бірінші топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін 30 мыңға жуық жеке көмекші міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырумен қамтылады»,- деді сенатор