Жаңалықтар

Алматы облысында 2 мың бас қой лайға батып қалған

Алматы облысында 2 мың бас қой лайға батып қалған

Алматы облысында лайдан 2 мың бас қой құтқарылды,деп хабарлайды taulik.kz сайты orda.kz-ке сілтеме жасап. Алматы облысы әкімдігінде нақтыланғандай, 17 наурызға қараған түні Жамбыл облысындағы Шилібастау стансасы маңында қыстаудан қайтқан шаруа қожалықтарының бірінің шопандары лайға батып кеткен. Шопандардың дабылына ауылдық әкімдік қызметкерлері дереу ден қойып, ТЖД қызметкерлерінің арасынан 50 құтқарушы жұмылдырылды.
«Оқиға туралы хабарлаған бойда әкімдік пен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері көмекке келді. Таңертеңнен бастап малды лайдан құтқара бастадық. Бақытымызға орай, барлық 2000 қой аман қалды. Дер кезінде көрсетілген көмек үшін халыққа алғысымыз шексіз», - деді ҚХ басшысы Мұрат Исабаев.