Үкімет отставкаға кетеді – Смайылов
Үкімет отставкаға кетеді – Смайылов
Мәжіліс депутаттары сайланған соң Үкімет отставкаға кетеді. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды taulik.kz.
«Конституцияға сәйкес, Парламент жаңадан сайланғаннан кейін Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа Премьер-министр кім болатынын Президент пен жаңа Мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез келген өзгеріске және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз», - деді Смайылов.