Астанада қыз ұрлап, туыстарынан ақша талап еткен Өзбекстан азаматы ұсталды
Астанада қыз ұрлап, туыстарынан ақша талап еткен Өзбекстан азаматы ұсталды
Полицейлердің ауқымды шарасы барысында Өзбекстан елінің 23 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, өзбекстандық әйел мемлекетаралық іздеуде жүрген. Ол құда түсіп 21 жастағы қызды үйінен алып кетіп, бопсалау арқылы туыстарынан ақша талап еткен.
Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматы анықталды.
«Самарқанд қаласында ол ер адамның 1,4 млн сом ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, оны жұмысқа орналастыруға уәде берген», - делінген ақпаратта.Қазіргі уақытта екі кінәлі тұлға УҰИ-ға қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Іс-шараның бірінші күні Астана қаласының аумағында 8 қылмыскер анықталып, ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың орналасқан жері табылған.