Жаңалықтар

Студенттер мәжбүрлі түрде дауыс бермес үшін барлық университетке нұсқау берілген

Студенттер мәжбүрлі түрде дауыс бермес үшін барлық университетке нұсқау берілген

Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек бұл үшін арнайы қызмет іске кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz.
«Біз студенттер сайлауда мәжбүрлі дауыс береді дегендерді ескердік. Барлық ректор, деканат, кафедраға маңызды нұсқаулар берілді. Арнайы орталықтар құрылды, сондай-ақ министрдің жанынан студенттер құқығын қорғауға арналған арнайы лауазым тағайындалды. Оған Айсұлу Ерниязова жауапты. Егер құқық бұзылса, соған жүгіне алады», – деді ол.