Жаңалықтар

Комиссия мүшелері өздері толтырған бюллетеньдерді жәшікке салған (ВИДЕО)

Комиссия мүшелері өздері толтырған бюллетеньдерді жәшікке салған (ВИДЕО)

Алматы маңындағы сайлау учаскесінде комиссия мүшелері бірнеше бюллетеньді өздері жәшікке салғаны үшін жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды taulik.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап. Аталмыш видео әлеуметтік желіде тараған болатын.
«Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы «ID Senim R» медициналық орталығының ғимаратында орналасқан Қарасай ауданы, № 455 сайлау учаскесінде бюллетеньдердің басқаға толтырылуы фактісі бойынша мынаны хабарлайды - учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшесі құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін  комиссия міндеттерін орындаудан шеттетілді», - делінген хабарламада.
https://www.youtube.com/watch?v=yWK2NLe2S3Q