Жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім? (ВИДЕО)

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім? (ВИДЕО)

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың (17-0) келесі қарсыласы кім болатынын айтты, деп хабарлайды taulik.kz. UFC 286 турнирінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында әлемнің жетекші MMA-лигасының президенті Дана Уайттан журналистер: «Белал Мухаммадтың келесі қарсыласы кім?» – деп сұрады.
UFC басшысы көмекшілерінің нұсқауынан кейін: «Рахмонов. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деп жауап берді.
Айта кетейік, америкалық UFC файтері Белал Мухаммад қазіргі уақытта UFC жартылай орта салмақтар рейтингінде төртінші, ал Шавкат Рахмонов алтыншы орында тұр. https://www.youtube.com/watch?v=bKXyigHFrOM&t=1344s