Сайлау нәтижесіне көңілі толмаған Мұхтар Тайжан сотқа жүгінді

20 наурыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Сайлау нәтижесіне көңілі толмаған Мұхтар Тайжан сотқа жүгінді Мәжіліс депутаттығына өзін тәуелсіз кандидат ретінде ұсынған Мұхтар Тайжан сайлау нәтижелерінің күшін жоюды талап етті, деп хабарлайды taulik.kz. №5 округ бойынша сайлауға түскен кандидат Алматының әкімшілік сотына арыз жазып, exit-poll нәтижесімен келіспейтінін жеткізді.
«Біз, бірнеше тәуелсіз кандидаттар, қазір сағат 21:50-де сотқа барып, сайлауды әділетсіз өтіп жатыр деген негізде арыз бердік. Әзірге осыны жасап жатырмыз. Ертең баспасөз мәслихатын өткіземіз», - деп жазды Мұхтар Тайжан.