Жаңалықтар

ҚМДБ оразаға байланысты маңызды үндеу жасады

ҚМДБ оразаға байланысты маңызды үндеу жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды, деп хабарлайды taulik.kz.

Діни басқарманың мәліметінше, биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге де болады.

Басқарма төрағасы – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын Рамазан айының құрметі үшін халықтың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырды. Сондай-ақ ол барша қауымға оразада арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегін жеткізді.