Қайрат Құдайбергеннің қамаудағы мерзімі ұзартылды
Қайрат Құдайбергеннің қамаудағы мерзімі ұзартылды
Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің қамаудағы мерзімі 2023 жылдың 21 сәуіріне дейін ұзартылды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
"Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2023 жылғы 16 наурызда соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Қ.қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін бір айға дейін, яғни 2023 жылғы 21 сәуірге дейін ұзартуға санкция берілді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны 2022 жылдың 22 сәуірінде белгілі болды. Сот оған қатысты 30 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, кейін қамауға алу мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Алматы прокуратурасы алдын ала мәлімет бойынша, Қайрат Құдайбергеннің «Дикий Арман»-мен бірге қаңтар оқиғасы кезінде наразылық білдірушілерді біріктіру үшін бір топ адам жинағанын хабарлаған болатын. Өткен жылдың шілде айында Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылды.