Жаңалықтар

Астанада жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

Астанада жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

Елордада үш көліктің соқтығысуы салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты NewTimes.kz-ке сілтеме жасап. Полиция департаментінің мәліметінше, 20 наурыз күні сағат 20.30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында үш «Тойота», «Ауди» және «Ивеко» маркалы автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған. «Соның салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді полиция департаменті. Елордалық полиция департаменті жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.