Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді
Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Түркияның Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 18.40-та тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Түркоғлы аймағында орналасқан.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Жер сілкінісінің материалдық шығыны 2 триллион түрік лирасын (105 миллиард доллардан астам) құрайды. Соңғы мәліметтер бойынша, Кахраманмараштағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны – 50 096 адам. 107 204 адам зардап шекті.