Жаңалықтар

Шымкент қаласында жер сілкінді

Шымкент қаласында жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкентте жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап. Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 16.1. MPV магнитудасы 7.8. Эпицентрдің координаттары 37.00° С. Е. 71.12° ш. б. тереңдігі 120 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Шымкент қ. – 3 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ"– деп хабарлады ТЖД  қоғаммен байланыс тобы.