Google ойлап тапқан чат-бот ChatGPT-дің орнын баса ала ма?
Google ойлап тапқан чат-бот ChatGPT-дің орнын баса ала ма?
Google жасанды интеллектке негізделген чат-ботты іске қосты. Ол қауіпсіз, сонымен қатар балаларға қолдануға тыйым салынған, деп хабарлайды taulik.kz.
Чат-бот Bard деп аталады. Ол жасанды интеллектке негізделген және қазірдің өзінде бүкіл әлемге тараған ChatGPT-дің басты бәсекелесі болуға арналған.
«Әзірге бұл АҚШ пен Ұлыбританиядан келген 18 жастан асқан пайдаланушылар үшін ғана қолжетімді», - деп жазады ресейлік BBC басылымы.Оқушылар үй жұмысына бот арқылы жауап бермеуі үшін чат-ботты қолданушылардың жас шегі белгіленген. Бұл чат-бот - Google үшін эксперимент. Оның ChatGPT-ден басты артықшылығы - жаңа ақпараттармен қамтамасыз етілгендігінде. Ал ChatGPT 2021 жылға дейінгі ғана деректермен шектелген. Сондай-ақ Bard қауіпсіздікке баса назар аудара отырып жасалған. Ол пайдаланушыға зиянды, заңсыз контентті немесе жеке деректерді ұсынбайды.