Рамазан айында не істеуге болмайды?
Рамазан айында не істеуге болмайды?
Рамазан – мұсылман күнтізбесіндегі тоғызыншы айы. Бұл айда адамдар ораза ұстайды, деп жазады taulik.kz.
Мұсылман күнтізбесі бойынша, жыл сайын Рамазан айының басталу және аяқталу мерзімі өзгеріп отырады. Биыл ол 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады. Ораза 29 күнге созылады. Ол аяқталғаннан кейін, 21 сәуірде мұсылмандар кешірім мен мейірімділік айының Ораза айт мерекесін атап өтеді.
Осы қасиетті айда оразаны қалай дұрыс ұстау керек және не істеуге болмайды?
Неліктен Рамазан мұсылмандар үшін ерекше
Рамазан – Құран түскен ай, сондықтан әр мұсылман үшін бұл ай ерекше. Хадис бойынша, бұл айда Алла Тағала адамдарды өзінің рақымына бөлеп, күнәларын кешіреді және дұғасын қабыл етеді. Сондықтан Рамазан айында ораза ұстап, дұғалар оқып, игі істер жасап, садақа беруі керек.
Ораза қалай ұстайды
Рамазан «сөзі» рамида ас-Сайм» сөзінен шыққан, «Рамазан» сөзінің өзі «аптап», «ыстық» мағынасын білдіретін «рамз» түбірінен шыққан. Ораза ұстау исламның бес парызының бірі. Мұсылмандар ниет ете отырып, тамақ жеуден, сусын ішуден және жыныстық қатынасқа түсуден таң атқаннан күн батқанға дейін өзін тию керек. Рамазан оразасын балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс, әрбір ер және әйел мұсылман баласына ұстау парыз.
Ораза кезінде адам аузын таң намазы кірер уақытқа дейін бекітеді. Ал ауызашар уақыты күн батқаннан кейінгі уақыт.
Ораза кезінде: «Уа, Алла! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым. Өзіңе сеніп, тәуекел еттім, берген рызығыңмен оразамды аштым. Рамазан айының ертеңгі оразасына да ниет еттім. Енді менің өткен және келешектегі күнәларымды кеше гөр!» деп ниет етеді. «Сәресі ішу – парыз емес. Ұйықтап яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Бірақ, сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн. Сәресі мезгілі – дұға-тілектер қабыл болатын ең берекетті уақыт. Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі» дейді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.Дәрігерлер ораза ұстаудың зиян еместігін айтады және сәресіге сұйық тағамдарды көбірек пайдалануды ұсынады. Ораза кезінде адам өзін қалай ұстауы керек Бас мүфтидің пікірінше, ораза ұстаушы мұсылман өзін өсек-аяңнан, өтірік, балағат сөздерден, ұрыс-керістен аулақ ұстауға тиіс. Ондай ортада үндемеудің өзі – үлкен сауап. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір сөзінде: «Ораза тұтушының үндемеуі – Аллаға тәсбих айтқанмен тең» деген. Сондай-ақ, ораза кезінде адамдар игі істер жасап, аз қамтылған отбасыларға көмектесу, отбасын қуанту және оқу, білім үйрену, аузы берік адамды тамақтандыру, яғни ауызашар беру сауап.
«Рамазан – тәрбие мектебі. Бұл кезде адам өзін рухани тәрбиелеуі керек. Бұл тамақ пен сусынның шектелуі туралы ғана емес. Ораза ұстаған кісі әдепсіз әрекет пен сөзден сақ болғаны абзал. Осы айтылғандармен 30 күн күресу керек. Бұл ең маңыздысы», - дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.Ораза ұстаудан кімдер босатылады науқас адам; сапарда жүрген адам (мусафир); кәрі адам; жүкті және емізулі баласы бар әйел; жас бала және ақылынан адасқан адам; денсаулығы үшін қауіптенетін адам; етеккірі келген және босанған әйел; Қадір түні Мұсылман үшін жылдың ең маңызды түндерінің бірі – Рамазан (қазақша - Қадыр түні). 2023 жылдың 17-18 сәуіріне келіп тұр. Дәл осы түнде 610 жылы Жәбірейіл періште Мұхаммед пайғамбарға Мекке астындағы Хира үңгіріндегі алғашқы Құран түсті делінген. Бұл түні періштелер түннен бастап, таң қылаң бергенге дейін, топ-топ болып жер бетіне түседі. Әр түскен топ сәлем бергендіктен таң ағарғанға дейін сол түні сәлем берулері толастамайды. Сол түні жер бетіне зиянды нәрселер түспейді. Түні бойы адамдарға пайдалы нәрселер түспек. Ол түн – амандық түні. Періштелер сол түні ешқандай жамандық пен азап түсірмейді. Пітір садақа Пітір садақа мұсылман жыл санауымен һижри екінші жылы жария етілді. Пітір – оразаның қате-кемшіліктерін толтыратын, Құдайға шүкіршілік ету үшін берілетін және кедейлерді қуантатын садақа. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) пітір-садақаның мөлшерін 535 теңгеге белгіледі. Мұндай сома ел бойынша екі килограмм ұнның орташа бағасымен есептелді. Пітір-садақа Рамазан айының басынан бастап Ораза айт кезіне дейін төлеуге болады. Садақаны ата-анасына, ата-әжесіне, әйеліне, ұлдарына, қыздары мен немерелеріне беруге болмайды. Оны мешітке төлеу ұсынылады.