Жаңалықтар

Талдықорғанда Ардагерлер саябағынан оқ-дәрі табылды

Талдықорғанда Ардагерлер саябағынан оқ-дәрі табылды

Талдықорғанда Ардагерлер саябағында 800-ден астам әскери қарудың оқ-дәрісі табылды, деп хабарлайды taulik.kz Sputnik сайтына сілтеме жасап. 
Аталған факті бойынша ақпаратты облыс полицейлері таратты. Ардагерлер саябағының маңында орналасқан демалыс орындарының бірінің жанында анықталған.
Тәртіп сақшылары тапанша, револьвер, автомат және қарудың басқа түрлерінде қолдануға болатын 9 мм 838 патрон тапты.
"Патрондар арнайы қағаз ыдыстарға оралып, үлкен кенеп қапшыққа оралған", - дейді облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Сарқытбай Құсайынов.
Ол бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталады.