Мұздың астына түсіп кеткен: Атырауда ер адамның мәйіті 2,5 айдан соң табылды

23 наурыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Мұздың астына түсіп кеткен: Атырауда ер адамның мәйіті 2,5 айдан соң табылды 5 қаңтар күні Жайық өзеніне батып кеткен азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Құтқарушылар 48 жастағы тұрғынның мәйітін 22 наурызда таңертең сағат 9.30 шамасында Жұмыскер-Балықшы көпірінің астынан алып шықты. Марқұмды іздестіру жұмыстары осыдан 5 күн бұрын жанданған еді.