Шымкентте олимпиада кезінде 15 оқушы уланды

24 наурыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Шымкентте олимпиада кезінде 15 оқушы уланды Шымкентте олимпиада кезінде 15 оқушы уланып қалды, деп хабарлайды taulik.kz   Республикалық пән олимпиадасында 14 баланың дене температурасы көтеріліп, асқазаны ауырған. Ал 1 оқушыда «желшешек» ауруының белгілері байқалған. Балалар қаланың жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Оқу-ағарту министрлігі қазір жағдайдың себебін анықтау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Әрі оқушылар олимпиаданы науқас күйде тапсырғандықтан, қорытындылары қайта қаралуы мүмкін.