Жаңалықтар

Атырауда өзіне пышақ сұққан спортшы көз жұмды

Атырауда өзіне пышақ сұққан спортшы көз жұмды

Атырауда спортшы жігіт өзіне пышақ сұғып, көз жұмды. Оқиға 21 наурыз күні болған, деп хабарлайды Taulik.kz ztb парақшасына сілтеме жасап.

Полицейлер оқиға орнына келіп оны тоқтатуға тырысқанымен, өкінішке орай олардың бұл әрекеті кеш болған. Ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға кезінде ол трамадол препаратын шамадан тыс пайдаланған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Аталған фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, бұл пре­парат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемле­кеттерінде есірткілердің тізім­іне енгізілген. Ал Медицина тәжір­ибесінде трамадол – синте­тикалы опиоидты дәрі. Оны ауыр жарақат алғандар мен он­кологиялық ауруларды емдеу кезінде қолданады. Өкінішке қарай, синтетикалық дәрі нашақорлар арасында үлкен таны­малдыққа ие. Әлем бойынша сатылымы рекордтық көрсеткішке жеткен.