Жаңалықтар

Qnet қаржы пирамидасын құрушы ұсталды

Qnet қаржы пирамидасын құрушы ұсталды

Астаналық AFM департаменті прокуратурамен бірлесіп Qnet қаржылық пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Ұсталған азамат Qnet қаржылық пирамидасының қызметін кәсіпкерлік қызмет үшін жиналған қаражатты пайдаланбай, жеке тұлғалардан ақша алу үшін ұйымдастырған. Схема кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды», - делінген хабарламада.
Qnet халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг пен электронды коммерция ретінде жасырылды. Бірқатар шет елдерде Qnet қаржылық пирамида ретінде танылған. Оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялардың тізіміне енгізді. Уәкілетті органның қорытындысы бойынша серіктестік салымшыларынан түскен түсім көлемі 463 млн теңгені құраған.
Астананың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 айға "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.