Жаңалықтар

Үш баласын өлтірген Ақтау қаласының тұрғыны ұсталды

Үш баласын өлтірген Ақтау қаласының тұрғыны ұсталды

Ақтау қаласында кәмелетке толмаған үш баласын өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ақтау ықшамауданындағы 27-үйдің пәтерінен 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттері табылғаны хабарланды. Оларды өлтірді деген күдікпен полицейлер олардың 36 жастағы әкесін ұстады. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.  width=                   Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.Бұған дейін қала тұрғындары ер адамның өз пәтерінде тосқауыл қойғанын хабарлаған болатын.