2030 жылы қасиетті Ораза айы бір жылда екі рет келеді
2030 жылы қасиетті Ораза айы бір жылда екі рет келеді
Ораза мұсылмандар үшін қашан міндетті болды? Мұсылман өмірінде қанша жыл ораза ұстайды? Ал қай жылы Рамазан екі рет келеді, бұл туралы Taulik.kz сайты islam-today-ге сілтеме жасап жазады.
1. Ораза хижраның екінші жылында міндетті болды. Аятты жібергеннен кейін:
تَتَّقُونَ لَعَلَّكُمْ قَبْلِكُمْ مِن الَّذِينَ عَلَى كُتِبَ كَمَا الصِّيَامُ عَلَيْكُمُ كُتِبَ آمَنُواْ الَّذِينَ أَيُّهَا يَا
«Ей, иман келтіргендер, сендерден бұрынғы үмметтерге ораза ұстауды бұйырғанындай, Алла сендерге де оразаны парыз етті. Бәлкім, тақуалықтарың арта түсер». (Бақара, 183) Ораза Исламның тірегіне айналып, барша мұсылмандарға парыз етілді.
2. Мұхаммед Пайғамбардан (с.ғ.с.) бұрынғы пайғамбарлар нәпіл ораза ұстаған. Олардың әрқайсысының өз оразасы болды:
- Нұх (ғ.с.) күн сайын ораза ұстайтын және тек мереке күндері ғана тамақтанатын.
- Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) екі күн сайын ораза ұстайтын.
- Иса (ғ.с.) тек күндіз ғана ораза ұстаған.
- Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар әр айда үш күн ораза ұстайтын.