10-қабаттан секіріп кеткен: қызды зорлаған 3 ер адамның қылмысы дәлелденді
10-қабаттан секіріп кеткен: қызды зорлаған 3 ер адамның қылмысы дәлелденді
Павлодарда Жастар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін топтасып зорлау ісі бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен жазда 16 жастағы қыз зорлық-зомбылықтан құтылу үшін 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті. "Сот кабинетінің" мәліметінше, басты сот отырысы 29 наурызға белгіленген.
"Заңға сәйкес, аталған санаттағы қылмыстық істер жабық есік жағдайында қаралады", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.Еске салайық, бұған дейін Павлодардың үш тұрғыны қылмыс жасады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.