Дания футболшылары Қазақстан құрамасынан 14 есе қымбат бағаланды

27 наурыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Дания футболшылары Қазақстан құрамасынан 14 есе қымбат бағаланды

Sports.kz сайты Қазақстан футбол құрамасы ойыншыларының жалпы құнын анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу циклі аясында Дания құрамасын 3:2 есебімен жеңген болатын.

Магомед Адиевтің шәкірттерінің жалпы құны – 19 миллион евро, ал Дания құрамасының ойыншылары 262 миллион евроға бағаланды (шамамен 14 есе көп).