Нұрлан Әбдіров сайлаудағы былықтарға байланысты қызметінен кете ме?
Нұрлан Әбдіров сайлаудағы былықтарға байланысты қызметінен кете ме?
БАҚ өкілдері Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтен сайлау кезіндегі заңбұзушылықтарға байланысты қызметінен кету мүмкіндігі жайлы сұрады, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл қызметке келгеніне 1 жылдан енді ғана асқанын еске салған Әбдіров өзі басшылық еткелі бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«5 маусымда референдум өткіздік. Сонда референдумның аясында бізге бірнеше мың шағым түсті. Бірсыпыра дүние істеліп жатыр. Мына жерде отырған әріптестеріммен бірге бар күш-жігерімізді салып, таза, ақ ниетімізбен осы жұмысқа кірістік. Біз әрі қарай олқылықтарды жоюға бар күшімізді саламыз. Жабылып алып, жұмысты көрпенің астында істеп жатқанымыз жоқ», - деді ол.
Сондай-ақ ол қызметті сұрап алмағанын алға тартты.
«Мен өмірде қызмет сұраған емеспін. Маған жұмысты жүктеді, қолдан келгенше адал істеуге тырысып жатырмын. Өз еркіммен бұл қызметті тастауға ешқандай негіз жоқ, арым таза», - деді ОСК төрағасы.