Алғаш рет судья атанған хиджабтағы әйел қасиетті құранмен ант берді
Алғаш рет судья атанған хиджабтағы әйел қасиетті құранмен ант берді
АҚШ-та хиджаб киген әйел судья қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Taulik.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Адвокат Надия Кахф Нью-Джерси штатында судья болып тағайындалды. Ол - АҚШ-та мұндай қызметке тағайындалған тұңғыш хиджабтағы әйел. Бүған дейін ол Уэйн қаласында отбасылық істер бойынша адвокат міндетін атқарған. Кейін судья болу үшін сайлауға түсіп, штаттың сенаты оның кандидатурасын қолдаған.
Бірнеше күн бұрын басына ақ орамал тағып, судья мантиясын киген Надия Құранға қолын қойып, ант берді. Осылайша, ресми түрде қызметіне кірісті.
Бұған дейін Кахф отбасылық құқық және иммиграция мәселесі бойынша адвокат қызметін атқарып, Пассаик аймағы бойынша Ислам орталығының жетекшісі болған.