Жаңалықтар

"Біреуі ұсталды": Корея әуежайынан екі қазақстандық қашып шыққан

"Біреуі ұсталды": Корея әуежайынан екі қазақстандық қашып шыққан

Әлеуметтік желілерде Инчхон әуежайынан екі Қазақстан азаматы қашып кеткені туралы ақпарат тарауда. Енді екеуі де төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлады Taulik.kz сайты aikyn.kz-ke сілтеме жасап. Кореялық БАҚ-тың мәлімдеуінше, Нұрсұлтан Ырысбаев пен Үмижан Нарзуллаев есімді екі қазақстандық Кореядағы Инчхон әуежайынан қашып, қалаға кірмек болған.
"Олар басқа қазақстандықтармен бірге Инчхон халықаралық әуежайы арқылы елге өтпек болған, бірақ бұл ойлары іске аспады" – деп жазды кореялық БАҚ.
Қазақстандықтың бірін полицейлер Тэджон қаласында дүкенде телефонын қуаттандырып жатқан жерінен ұстап алған. Әлеуметтік желіде қамау орнынан түсірілген фотосурет тарады. Оның 2002 жылы туған Үмижан Нарзуллаев екені белгілі болды. Оқиға 24 наурыз күні болған. Екінші қазақстандық іздестіріліп жатыр