Жаңалықтар

Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, біреуі жанып кетті

Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, біреуі жанып кетті

Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, біреуі жанып кетті, деп хабарлайды taulik.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Самара-Шымкент автожолының 1001 шақырымында Mercedes және Volvo екі жүк көлігі соқтығысқан.
«Салдарынан Mercedes автокөлігі өртеніп, оның жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Volvo автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды», - деді Әйтеке би ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары Мадияр Әкентай.
Жол-көлік оқиғасы фактісіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.