Валюта бағамы: Доллар қайта қымбаттады
Валюта бағамы: Доллар қайта қымбаттады
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453-458 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,5– 456,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 454 – 458 теңге аралығында құбылып тұр.
27 наурыз күнгі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 42 теңгеге қымбаттап, 458, 63 теңге болған.
Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 458, 87 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,00 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,75 – 6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,83 - 5,92 теңгеден сатылуда.