Жаңалықтар

28 жастағы әйел христиан діни мектебінде алты адамды атып тастаған

28 жастағы әйел христиан діни мектебінде алты адамды атып тастаған

Қайғылы оқиға АҚТ-тың Нэшвилл қаласындағы христиан діни мектебінде болды, деп хабарлайды taulik.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. Жаппай оқ ату салдарынан оқу орнының үш оқушысы мен үш қызметкері көз жұмды. Ал қылмыскер 28 жастағы әйел болып шықты. Екі жартылай автомат және тапаншамен қаруланған күдікті таңертең мектепке келіп оқ жаудырған. Шұғыл жеткен полициямен де атысып, соңында өзі оққа ұшты. Қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.
«Мендегі қазіргі ақпарат бойынша күдікті қайбір жылдары осы мектептің оқушысы болған. Қазір нақты қай жылы екенін айта алмаймын», – деді полиция басқармасының басшысы Джон Дрейк.