Жаңалықтар

«Бұрынғы сайлау ұрлау болса, бұл жолғы сайлау тонау болды» – Дүйсенбинов

«Бұрынғы сайлау ұрлау болса, бұл жолғы сайлау тонау болды» – Дүйсенбинов

Ақ жол партиясының мүшесі, Парламентке ілінбей қалған Берік Дүйсенбинов сайлау жайлы пікір білдірді, деп жазады taulik.kz.
«Мәжілісте Ақ жол партиясынан 6 орын алдық. Аймақтарда жұмыс істеп жатқан азаматтарымыз бар. Орнымызды соларға бердік. Онда тұрған ештеңе жоқ. Депутат болу - партиядан кету деген сөз емес. Біз әрі қарай партияның жұмысын жандандырамыз. Бұл бізге үлкен сынақ болды. 6 орын алғанның тамырын өзімізден де іздеу керек шығар. Партия үшін қызмет етеміз. Сайлау әділ өткен жоқ. Бұрынғы сайлау ұрлау болса, бұл жолғы сайлау тонау болды», - деді ол.