Жаңалықтар

Шымкентте 14 бала уланған олимпиаданы ұйымдастырушылар қатаң сөгіс алды

Шымкентте 14 бала уланған олимпиаданы ұйымдастырушылар қатаң сөгіс алды

Шымкентте  балалар уланып қалған олимпиаданың ұйымдастырушылары жазаланды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. Бүгінгі таңда 14 оқушы ауруханадан шығарылды. Оның көпшiлiгi мектеп директорлары, мұғалімдері, білім басқармасы мамандарымен бiрге үйлеріне оралды.
«Олимпиада ережесі бойынша қатысушылардың 45 пайызы жүлделі орындарға ие болып, марапатталуы тиіс. Ауруханаға түскен оқушылардың жеке нәтижесі ескеріліп, алтын, күміс және қола медальдармен, алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, кеше Оқу-ағарту министрінің қатысуымен жиын өтіп, олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне қатысты тиісті шаралар қабылданды. Жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша Шымкент қаласында республикалық олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырмағаны үшін орта білім комитеті төрағасының міндетін атқарушыға, мазмұндық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды»,– деп жазды вице-министр Facebook парақшасында.