Ләйлә Сұлтанқызы да депутат болып сайланды
Ләйлә Сұлтанқызы да депутат болып сайланды
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Amanat партиясы атынан Астана қалалық мәслихатына депутат болып сайланды. Бұл туралы журналист instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды taulik.kz.
«Бүгін Астана қаласы маслихатының депутаттар тізімінен өз атымды көру бұйырыпты. Қуанышыма ортақтасып жатқан барлық жанға көп-көп рақмет. Алла сәтін салса, ойда жүрген көп іс-шараларды жүзеге асырып, халыққа титтей де болсын пайдам тию үшін қолымнан келгенін жасаймын. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз – мен үшін қашанда маңызды!», – деп жазды ол.