«Сайлау әділ өтті» деп ешкім айта алмайды – Нартай Аралбайұлы
«Сайлау әділ өтті» деп ешкім айта алмайды – Нартай Аралбайұлы
Жаңадан сайланған Парламент мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы "мәжіліс пен мәслихат сайлауы әділ өтті ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды taulik.kz.
“Баға беруге әлі ерте. Өйткені тексеріс жүріп жатыр. Ол туралы Бас прокуратура айтқан еді. Сондықтан алдағы уақытта құзырлы орындарға арыз-шағымдар түскен болса, естуімше, түсіп те жатыр, сол бойынша шешімдер қабылданады, құқықтық баға беріледі”, - деді депутат.Сонымен қатар Аралбайұлы әлеуметтік желіде сайлау кезінде таралған видеоларға қатысты пікір білдірді.
“Видеоларды көрдім. Егер ол рас болса, сорақы дүние. Бірақ біз білеміз ғой, түрлі-түрлі фактчекинг жасалмаса, бұрынғы видеолардың да салынып кететінін көреміз. Сондықтан анық-қанығына құзырлы органдар көз жеткізуі керек. Егер заңсыздық орын алса, жауапты адамдар қатаң жазалануы керек. Сайлауға адал келген адамдар да бар. Олардың еңбегінің барлығын жоққа шығаруға болмайды. Менің адал келіп-келмегеніме алдағы уақытта халық өз бағасын береді деп ойлаймын”, - деді ол.