«Бісміллә мен тақия» : Депутаттардың ант берген қызықтары желіні шулатты
«Бісміллә мен тақия» : Депутаттардың ант берген қызықтары желіні шулатты
29 наурыз күні Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутаттар Қазақстан халқына салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Бір мандатты округтер мен саяси партиялардан сайланған 64 депутат VIIІ шақырылған Мәжілістің алғашқы жалпы отырысында ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деп Конституцияға қол қойып, ант беру барысында бірнеше депутат қобалжып, күтпеген жайттарға тап болды.Соның ішінде белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов, адвокат Абзал Құспан және Ұлытау облысынан сайланған Ерболат Сатыбалдин антын мұсылмандардың қанына сіңген әдет "бісмілләмен" бастады. Ал блогер, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев болса ант беруге басына ұлттық нақыштағы тақия киіп шығып, айқын сөйлеу мәнерімен берген анты әлеуметтік желіде көпшілікті сүйсіндерді. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Айна Мүсірәлімова Конституцияға қолын қоюды ұмытып, екі мәрте ант берді. Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында "мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді" деп айтқан болатын.