«Bereke» банкі сатып алушы іздеуге кірісті
«Bereke» банкі сатып алушы іздеуге кірісті
Сәрсенбі 29 наурызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова «Bereke» банкі сатып алушы іздеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz cайты Forbes.kz-ке сілтеме жасап.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова «Береке» банкінің акциялары қашан сатылады деген сұраққа жауап берді.
«Жағдай былай: 8 наурызда біз оны SDN тізімінен алып тастадық. Қазір оның көрсеткіштері жақсы, капиталдың жеткіліктілігі қазірдің өзінде 10%. Енді банктің акционері болып табылатын «Бәйтерек» (ұлттық басқарушы холдинг) «Береке» банкінің акцияларын сату үшін инвесторлар іздеуге кіріседі», - деді ол Парламенттің бірінші сессиясының бірлескен отырысынан кейін журналистерге.Ол «Береке» банкін қолдауға бір де бір бюджет қаражаты жұмсалмағанын түсіндірді.
«Біріншіден, банктің өз қаражаты игерілді. «Береке банкті» алу үшін бір тиын да бюджет қаражаты жұмсалған жоқ. Сондай-ақ мемлекет тарапынан көмек көрсетілмеді», - деп сендірді Әбілқасымова.Агенттік басшысы қазіргі уақытта банктің әлеуетті сатып алушылары бар ма деген сұраққа да жауап берді.
«Әзірше жоқ. Бізге «Бәйтерек» ешқандай мәлімет берген жоқ. Олар бұл жұмысқа енді ғана кірісті», - деп түсіндірді агенттік төрайымы.Сбербанктің өзі 2022 жылдың 24 ақпанында АҚШ санкцияларына ұшырап, SWIFT банкаралық төлем жүйесінен ажыратылды. Шектеулер банктің еншілес компанияларына, соның ішінде Қазақстандағыларға да әсер етті. Қазір АҚШ-тың SDN тізімінде 30-дан астам ресейлік банк бар, олардың арасында Сбербанк, ВТБ, Альфа-Банк, МТС Банк, Промсвязьбанк, Откритие, Совкомбанк бар.