Жамбыл облысында ауыл әкімін жұмыс орнында пышақтап кеткен
Жамбыл облысында ауыл әкімін жұмыс орнында пышақтап кеткен
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтыл ауылдық округінің әкімін жергілікті тұрғын: жұмыс орнында пышақтап кеткен, деп хабарлайды taulik.kz halyq.uni.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 24 наурызда болған. Белгісіз ер адам әкімді жұмыс орнында пышақтаған. Әкім ауыр хәлде, ауруханаға жатқызылды.
«Аудандық полиция қызметкерлері 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың алкогольдік және есірткілік мас күйде болғаны анықталды. «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазды ПД баспасөз қызметі.Күдіктінің 2013 жылға дейін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «шизофрения» диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.