Смайылов премьер-министр қызметінде қала ма?
Смайылов премьер-министр қызметінде қала ма?
"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев Әлихан Смайыловтың премьер-министр қызметінде қалуы не қалмауына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Саясаттанушының сөзінше, Смайылов қызметте қалады не қалмайды деп нақты кесіп айтуға болмайды.
"Бір шетінен Әлихан Смайылов бірден қаңтар оқиғасынан кейін қызметке келген адам. Сондықтан ол басқарған үкімет негізінен елдегі жағдайды тұрақтандыру мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды және олардың көпшілігімен ол азды-көпті жұмыс істей білді. Одан бөлек оның алдындағы премьер-министрлерге қарағанда Смайыловтың бұл қызметте отырғанына 1,5 жылдай ғана болды. Сондықтан отставкаға кетуі мүмкін деп ойламаймын. Яғни қызметіне қатысты әлі істеуі қажет дүниелерді істеп үлгермеді. Оның орнына келетін адам тізімі де аз деп ойлаймын. Екінші жағынан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы халыққа Жолдауларында және сайлау алдындағы бағдарламасында белгіленген Қазақстанның одан әрі дамуы туралы пайымы, сондай-ақ ел экономикасы үшін сыртқы сын-қатерлер оның қызметіндегі сапалы жаңа күн тәртібін белгілейді. Демек осы күн тәртібін жүзеге асыра алатын адамдарды тарта отырып, кадрларды жаңарту қажет. Сонымен қатар Президент былтыр да, кеше де үкіметті сынға алды", - дейді Чеботарев.