Жаңалықтар

Amanat-тың премьер-министр лауазымына кімді ұсынғаны белгілі болды

Amanat-тың премьер-министр лауазымына кімді ұсынғаны белгілі болды

Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды taulik.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.