Орындық тек ер адамға арналған: шенеуніктердің суреті дау тудырды
Орындық тек ер адамға арналған: шенеуніктердің суреті дау тудырды
Қырғызстанда әлеуметтік желілерде әртүрлі лауазымды қызметте істейтін ер адамдар орындықта отырғаны көрінетін сурет тарады. Бірақ суретте олар әйел адамға орын бермегені байқалады. Осылайша әйел жерде отыруға мәжбүр болған, - деп хабарлайды taulik.kz 24.kg-ға сілтеме жасап.
Суреттегі ерлер арасында Ош мэриясының әлеуметтік даму бөлімінің бастығы Масуда Айдарбекова, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Бақыт Торобаев, Ош облысының уәкілетті өкілі Зиядин Жамалдинов, Ош қаласының мэрі Бақытбек Жетігенов, сондай-ақ вице-мэрлер Марс Исаев пен Сонунбек Жүнісбаев бар.
Әлеуметтік желі қолданушылары шенеуніктер әйелге құрмет көрсетпегеніне наразы болған. Ош қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі басшысы Жұмамидин Сулайманқұлов бұл сурет Құран оқу кезінде Наурыз мерекесі қарсаңында түсірілгенін түсіндірді.
"Дұға оқи бастағанда, бәрі тұрған жеріне отырды. Орындыққа отыруға түрлі көзқарас немесе тыйым болған жоқ", - деді Жұмамидин Сулайманқұл.