«Үйім жоқ, 7 баламмен мешітте тұрамын» – Нұрлан имам
«Үйім жоқ, 7 баламмен мешітте тұрамын» – Нұрлан имам
Желі арқылы танымал болып, заманауи бағыттағы уағыздарымен көптің жүрегін жаулаған Нұрлан Байжігітұлы үйі жоғын ашық айтты, деп хабарлайды Taulik.kz cайты.
Имам үй ұсынғандардан бас тартқанын да жасырмады. Нұрлан Байжігітұлы 7 баласы бар көп балалы әке. Көп баланы асырау оңай емес. Ол өзінің бала-шағасын қалай асырайтынын, айлығын барлығына қалай жеткізетінін айтты.
"Ел бар, халық бар. Халық молданы асыраған. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым қоғамдық көлікпен қатынап оқиды. Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі, оның ар жағында мүдде бар. Мен жобаның проектісі болғым келмейді",- деді Нұрлан имам.