Си Цзиньпин Қытай армиясын соғысқа дайындап жатыр ма?
Си Цзиньпин Қытай армиясын соғысқа дайындап жатыр ма?
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Парламенттегі отырыста өз әскерін соғысқа дайындауға тапсырма берді, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Ол Парламентте сөйлеген сөзінде армия генералдарының соғыста батыл болуы керектігін айтты. Ал АҚШ-тың Foreign Affairs газеті Қытай басшысының Тайваньды басып алғысы келетінін хабарлады.
Қытай Парламенті мен оның жоғарғы саяси консультативті органының кезекті отырысында Си Цзиньпин соғысқа дайындалу керектігін 4 рет сөйлеген сөзінде атап өтті. Осыған байланысты Қытай Үкіметі мемлекеттің қорғаныс бюджетінің бірден 7,2 пайызға көбейетінін хабарлады. Сөйтіп соңғы онжылдықта бюджет алғаш рет екі есе көбейетін болады.
Сонымен бірге Үкімет астықтың шетелдік импортын азайту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Бұдан басқа Қытайдың соңғы айларда соғысқа дайындық жөнінде жаңа заңдар қабылдап жатқаны белгілі болды.
Парламент отырысында Қытай төрағасы жер жүзінде тепе-теңдікті ұстау үшін Ресеймен бірге «әскери сенімділікті» тереңдету жоспары бар екенінен де хабардар етті. Ол ҚХР стратегиялық коммуникация мен координацияны күшейту мақсатында елдің әскери қызметкерлерінің ресейлік әріптестерімен бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді.