Боксшылар Олимпиада комитеті алдында қарсылық шеруіне шықты
Боксшылар Олимпиада комитеті алдында қарсылық шеруіне шықты
Лозанадағы Халықаралық бокс комитетінің штаб-пәтері алдында боксшылар екі бірдей бейбіт шеру өткізді, деп хабарлайды taulik.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Шеруге түрлі елден 500-ден астам боксшы қатысқан, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Франция, Швейцария, Польша, Германия және Италиядан да келгендер бар. Олардың бәрі бокстың IBA жетекшілігімен Олимпиада ойындары бағдарламасында қалуын сұрауда.
Қарсылық шеруін Эстель Моссели - франциялық Олимпиада және әлем чемпионы бастады.
Айта кетейік, былтыр аты аңызға айналған америкалық Рой Джонс та Лозанадағы олимпиадалық мұражай алдында бейбіт шеру өткізген болатын.