2023 жылы босанған әйелдер қанша теңге жәрдемақы алады?

31 наурыз, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
2023 жылы босанған әйелдер қанша теңге жәрдемақы алады? Қазақстанда аяғы ауыр және босанған әйелдерге мемлекет тарапынан бір жарым жыл бойы әлеуметтік төлем беріледі. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе төлем түрлеріне қатысты негізгі сұрақтарға жауап әзірледі, деп хабарлайды taulik.kz Информбюро сайтына сілтеме жасап.

№1. Жүктілікке, босануға және бала күтімі бойынша қандай төлемдер бар?

Төлемдердің төрт түрі бар: Жұмыс істейтін әйелдер төрт төлемді де алады. Ал жұмыс істемейтін әйелдер тек бала туғанда берілетін біржолғы төлем мен бала күтіміне берілетін жәрдемақы алады.

№2. Неліктен жалақы заңды болуы керек?

Еңбекке жарамсыздық қағаздарының төлемі, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанша оның күтімі үшін ай сайынғы жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Сондықтан төлемдерді алу үшін әйелдер әлеуметтік сақтандырудың бірыңғай жүйесіне қатысуы шарт. Әйел еңбек шарты бойынша жұмыс істесе, онда жұмыс беруші ай сайын жалақысының 3,5 пайызын қорға аударып отыруы керек. Осылай қызметкер әлеуметтік жүйеге қатыса алады.

№3. Еңбекке жарамсыздық күндері қалай есептеледі?

Жүктілік және босану бойынша төленетін күндердің саны заңмен белгіленеді (ҚР Еңбек кодексінің 99-бабы) және ол осы кезеңде туындауы мүмкін әртүрлі жағдайларға байланысты. Әйел гинеколог дәрігерге неғұрлым ертерек жүгінсе, еңбекке жарамсыздық қағазын беруге болатын мерзімді (30 апта) өткізіп алмау ықтималдығы соғұрлым жоғары. Медицина қызметкерлері белгіленген ережелерге сәйкес құжат рәсімдейді: Ескерту. Дәрігер еңбекке жарамсыз қағазын екі данада жазу керек:

№4. Төлемдер алу үшін қорға қашан жүгінуге болады?

Әйел адам 12 ай ішінде еңбекке жарамсыздық қағазы төлемін алу үшін қорға жүгінуге құқылы. Мысалы, еңбекке жарамсыздық қағазы 2023 жылғы 21 ақпанда берілсе, онда 2024 жылғы 20 ақпанға дейін жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш бере алады. Ескерту: мерзім еңбекке жарамсыздық күні басталған кезден емес, еңбекке жарамсыздық қағазы берілген күннен бастап есептеледі.

№5. Еңбекке жарамсыздық қағазы төлемін алу үшін қайда жүгіну қажет?

Қорға жүгінер алдында жұмыс берушіден артқы жағында тиісті белгісі бар еңбекке жарамсыздық қағазын алуыңыз керек. Осыдан кейін сіз келесі жолдардың бірімен төлемге өтініш бере аласыз:

№6. Еңбекке жарамсыздық қағазы төлемін алу үшін қандай құжаттар қажет?

ХҚКО арқылы өтініш жасаса, келесі құжаттар қажет: eGov порталы арқылы өтініш берсе: Екеуінде де төлем жүргізілетін банк шоты туралы мәлімет қажет.

№7. Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны алу үшін қайда жүгіну керек?

Бала туған күннен 18 күнтізбелік ай ішінде бала күтімі үшін берілетін ай сайынғы жәрдемақыны тағайындауға келесі әдістердің бірімен өтініш бере аласыз:

№8. Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны алу үшін қандай құжаттар қажет?

Бала күтімі үшін ай сайынғы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұратылады. Ақпараттық жүйелерде мұндай ақпарат болмаса келесі құжаттарды қағаз жүзінде немесе цифрлық құжаттар қызметіне ұсыну қажет:

№9. 2023 жылы бала туғанда төленетін жәрдемақы мөлшері қандай?

Бала туғанда берілетін мемлекеттік бірреттік жәрдемақы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді. Оның сомасы осы жылы белгіленген ең төменгі АЕК мөлшеріне байланысты есептеледі. 2023 жылы АЕК сомасы – 3450 теңге. Жөргекпұл сомасы бала кезегіне байланысты: Егіз не үшем, төртем болса, мемлекеттік жәрдемақы әр балаға жеке-жеке есептеледі. Жәрдемақыны жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін әйелдер де алады.
№10. Жұмыс істейтін әйелдер бала күтімі үшін қанша теңге алады?
Бала бір жарым жасқа толғанша күтімі үшін төленетін ай сайынғы жәрдемақының мөлшері жұмыс берушінің әлеуметтік аударымдар жасаған жалақысына байланысты. Жәрдемақы мөлшері әйелдің соңғы 24 айдағы (бала дүниеге келген айдың алдындағы) орташа айлық табысы негізінде есептеледі. Алынған сома алмастыру коэффициенті – 0,4-ке көбейтіледі. 2023 жылы бала күтіміне берілетін жәрдемақыны есептеу үшін әйелдің орташа айлық табысы 7 еселенген ең төмен жалақыдан немесе 490 мың теңгеден аспауы керек.

№11. Жұмыс істемейтін әйелдер қанша теңге алады?

Жұмыс істемейтін әйелдерге баласы бiр жарым жасқа толғанша оның күтіміне ай сайын бала кезегіне қарай жәрдемақы төленеді:

№12. Жәрдемақыдан қандай жарналар ұсталынуы мүмкін?

Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден, сондай-ақ бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыдан тек 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары шегеріліп, зейнетақы қорына аударылады. Жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге МӘМС жарнасын мемлекет төлейді.
Мақаланы жазу кезінде пайдаланылған заңнамалар:
  1. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Заң (2023 жылғы 1 қаңтарда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
  2. ҚР Еңбек кодексі.
  3. "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы"ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы бұйрығы.