Жаңалықтар

Шымкенттің экс-әкімі Динара Әлжанға 70 мың доллар берген бе?

Шымкенттің экс-әкімі Динара Әлжанға 70 мың доллар берген бе?

Актриса Динара Әлжанның сұхбатынан кейін Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік желіге жазба қалдырды деп хабарлады taulik.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Шындық шырылдап жетемін дегенше, Өтірік талай жерді өртейді» – деп жазды экс-әкім.
Естеріңізге сала кетсек, Динара Әлжан Youtube-тегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында сұхбат берді. Әңгіме барысында ол Шымкенттегі тойлардың бірінде Әбдірахымовпен танысып, би билегенін айтқан. Динара Әлжан экс-әкім оған үй сатып алуға 70 мың доллар және 20 мың доллар тұратын сырға сыйлағанын мәлімдеді.