Алматыда газ монополисіне 78 миллион теңге айыппұл салынды
Алматыда газ монополисіне 78 миллион теңге айыппұл салынды
Алматыда, газ монополисіне 78 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды taulik.kz сайты kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
«Тексеру нәтижелері бойынша "APL Construction" ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, сондай-ақ кварталішілік газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде дұрыс пайдаланбағаны анықталды»,- делінген прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында.Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7%-ға), 184 млн теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді. Монополист компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-баптың 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. 78 миллион теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
«Қабылданған шаралармен Еңбекшіқазақ және Панфилов ауданындағы 11 мың тұтынушының құқықтары қорғалды, олардың 300-ден астамы кәсіпкерлер екені белгілі болды»,- деп мәлімдеді прокуратурада.