Жаңалықтар

Азаматтық некедегі ерлі-зайыпты 73 жастағы анасына қорлық көрсеткен

Азаматтық некедегі ерлі-зайыпты 73 жастағы анасына қорлық көрсеткен

Павлодар облысында ер адам анасымен жанжалдасқаны үшін қамауға алынды. Сағат 08.30-да Чигириновка ауылында 53 жастағы ер адам бірге тұратын әйелі екеуі мас күйде 73 жастағы анасына қарсы жанжал шығарған, деп хабарлайды taulik.kz  "КТК" сайтына сілтеме жасап. Азаматтық некедегі ерлі-зайыпты балағат сөздер айтып, анасының тыныштығын бұзған. Ұлының қорлауына төтеп бере алмаған ана жанжалды шешу үшін полиция шақырған. Келгеннен кейін учаскелік полиция инспекторы 19 ақпанда зейнеткердің қауіпсіздігі мақсатында ұлының атына 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылғанын анықтады. Алайда ұлы сабақ алмаған. Қайта анасына зәбір көрсеткен.
"Оның отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қарсы іс-қимыл жасауына байланысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігі және 461-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды", - деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.
Материалдар сотта қаралған, оның шешімі бойынша бұзақылар 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.