Жаңалықтар

Генерал Серік Құдебаевтың елден қашып кеткені рас па?

Генерал Серік Құдебаевтың елден қашып кеткені рас па?

Қазақстандық БАҚ-та Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал Серік Құдебаевтың елден қашқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұған дейін генерал Серік Құдебаевтың сот отырысына бірнеше рет келмегені үшін сәуірдің 3-і күні сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетіні хабарланған болатын. Айыптаушы тарап Алматы облыстық полициясының бұрынғы басшысын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Еске салайық, Серік Құдебаев Қазақстандағы ең танымал полиция басшыларының бірі болған. Ол 2020 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. Құдебаев 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.