Қазақстандық үздік сериалдар анықталды

1 сәуір, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Қазақстандық үздік сериалдар анықталды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен алғаш рет ұйымдастырылған "Nauryz" ұлттық сериалдар бәйгесінің қорытындысы шықты , деп хабарлайды taulik.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Марапаттау кешіне Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Асхат Оралов, медиа менеджерлер, сондай-ақ, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркиядан келген мамандар қатысты. Байқау нәтижесі төмендегідей болды: Сонымен қатар қазылар алқасының шешімімен Наурыз ұлттық байқауының Арнайы сыйлығы - Шет елге сатылған үздік коммерциялық "Патруль" сериалына берілді. Екінші Арнайы сыйлық бірінші отандық "Перекресток" сериалына табысталды. ​Жеңімпаздар отандық телесериалдар өндіру саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін "Nauryz" мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарға ие болды.