Түркияда тағы да жер сілкінісі болды
Түркияда тағы да жер сілкінісі болды
Түркияның солтүстігінде магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды taulik.kz.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 00:24-те Ихсанғазы ауданында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелген.
Құрбандар мен қираған, бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жүздеген жер сілкінісімен жалғасқан зілзалаі елдің 10 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде сезілді, оның ішінде Сирия ең көп зардап шеккен.